ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСІ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
Балабақшаға қабылдану үшін Сіз 3 кезеңнен өтуіңіз керек:
1-ҚАДАМ
Ваучер алу үшін
кезекке тұру
2-ҚАДАМ
Ваучер алу
(оның берілетінін күту керек)
3-ҚАДАМ
Құжаттарды жинау және балабақшамен электронды шарт жасау
АЛДЫМЕН ВАУЧЕР ДЕГЕН НЕ ЕКЕНІН БІЛІП АЛАЙЫҚ
1.Ваучер — бұл Сіздің балаңыздың мектепке дейінгі білім беру қызметтеріне ақы төлеуге көмектесетін мемлекеттік қаржыландырудың арнайы түрі. Сомасы мектепке дейінгі ұйымның түріне, қалаға, тобына және т.б. байланысты. Сіз ата-ана ретінде баланы қандай балабақшаға беруді, яғни мемлекеттік қаржыландыруды қайда бағыттауды шешесіз
2.Ай сайын Сіз INDIGO-ның жеке кабинетінде баланың қатысу табелін тексеріп, келісуіңіз қажет.
Бұл Сіздің балаңызға көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын бақылайсыз дегенді білдіреді
3.Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қосымша ақылы қызметтерін (тамақтандыру, үйірмелер, секциялар) ата-аналар дербес төлейді
ВАУЧЕРДІҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ БАЛАБАҚШАНЫ ТАҢДАУ ЕРКІНДІГІ:
Егер қазіргі балабақша көңіліңізден шықпаса, Сіз балаңызды бос орындары бар басқа балабақшаға ауыстыра аласыз
АТА-АНА БАҚЫЛАУЫ:
Сіз мемлекеттің сіздің балаңызды қолдауына бөлетін қаражаттың нақты көлемін біле аласыз және мектепке дейінгі ұйымның осы ақшаны нысаналы пайдаланылуын бақылай аласыз
Осылайша ваучер балаңыздың білім алу процесіне көбірек қатысуыңызға және оның дамуына ең жақсы жағдайларды таңдауға мүмкіндік береді
Жадынаманы жүктеп алып, ваучерлік қаржыландырумен толығырақ таныса аласыз
1-ҚАДАМ: ВАУЧЕР АЛУ ҮШІН КЕЗЕККЕ ҚАЛАЙ ТҰРА АЛАСЫЗ?
Ваучердің не екенін білдік, енді оны қайдан аламыз?
Ваучер алғысы келетіндер өте көп, сондықтан Сізге кезекке тұру қажет. Бұл үшін өтініш беру кезінде құпия код алу үшін ED24 мобильді қосымшасы керек. Толық ақпарат қадамдық бейненұсқаулықта көрсетілген
жүктеңіз және өшірмеңіз
AppStore Google Play
Өтініш беру кезінде өз жеке телефон нөміріңізді көрсетіңіз және оны жоғалтпаңыз. Осы телефон нөміріне ваучер алу туралы SMS-хабарлама келеді
ED24 мобильді қосымшасын қалай орнатуға және тіркелуге болатынын мына жерден
2-ҚАДАМ: ВАУЧЕРДІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Сіз кезекке тұрдыңыз және ваучерді күтуіңіз керек
Ваучер кезекпен беріледі. Кезекті жеке кабинетте және INDIGO-ның басты бетінде қарай аласыз Ваучер беру жиілігі білім беруді басқару органы жоспарлаған қаржыландыру көлеміне байланысты. Ваучер бюджетте бос ақша болған кезде беріледі
Сіздің кезегіңіз келгенде жүйе автоматты түрде ваучер беріп, Сізге SMS-хабарлама және ED24 қосымшасына хабарландыру жібереді. Кезекке тұрғаннан кейін хабарламалардың келгенін бақылап отыру керек
2 жұмыс күні ішінде ваучер берілген сәттен бастап Сіз INDIGO-да жеке кабинетте «Берілген ваучерлер» бөлімі арқылы ваучерге мүдделігіңізді растауыңыз қажет. Егер мұны жасамасаңыз, Сіздің ваучеріңіздің күші жойылады
жүктеңіз және өшірмеңіз
AppStore Google Play
Орнату және белсендіру жөніндегі нұсқаулық
Көру
ED24 қосымшасы Сізге балабақшаға қабылдауға өтініш берген кезде қажет болады
3-ҚАДАМ: ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ БАЛАБАҚШАМЕН КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?
Құттықтаймыз! Сізге ваучерді алу туралы хабарлама келді және Сіз екі күннің ішінде ваучерге қызығушылығыңызды растадыңыз, енді балабақшаға қабылдануға дайындалыңыз
Процесс үш кезеңнен тұрады:
3.1
Балабақша және топты таңдаңыз
(сақтап қалу)
3.2
Баланың медициналық
құжаттарын жинау
3.3
Онлайн-шартқа қол
қою
Ваучер беріліп, расталған сәттен бастап, балабақшамен шарт жасасып, қажетті құжаттарды жинауға Сізге 5 жұмыс күні беріледі. Рәсімдерді мүмкіндігінше кешіктірмей, тезірек аяқтауға кеңес береміз. Себебі 5 жұмыс күні өткен соң ваучердің күші жойылып, Сізге қайтадан кезекке тұруға тура келеді.
3.1: АЛДЫМЕН БАЛАБАҚША МЕН ТОПТЫ ТАҢДАҢЫЗ
Бұны INDIGO жеке кабинетінде «Берілген ваучерлер» бөлімінде жасауға болады
Бұны INDIGO жеке кабинетінде «Берілген ваучерлер» бөлімінде жасауға болады
3.2: БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ЖИНАҢЫЗ
• Алгоритм 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім;
• "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан 3. Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у нысанындағы профилактикалық егу картасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020);
• № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанындағы анықтама;
• № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 027/у нысанындағы анықтама;
• Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін) (бар болса).
Балабақшаны таңдағаннан (резервке тұрғаннан кейін) кейін қажетті құжаттарды жинауға және балабақшамен шарт жасасуға 5 жұмыс күніңіз бар
3.3: ЭЛЕКТРОНДЫ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫҢЫЗ
Барлық қажетті құжаттарды жинап болғаннан кейін ғана шартқа қол қойыңыз (3.2-тармақ)
Бұл кезеңде сіз:
• Балабақшамен шарт жасаңыз
Балабақша 1 жұмыс күні ішінде шартқа қол қояды немесе қол қоюдан бас тарта алады. Егер мерзімі өтіп кетсе, шұғыл түрде жағдайды түсіндіру үшін балабақшаға хабарласыңыз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Сіз балабақшаға қабылдану процесін аяқтадыңыз!
Ары қарай?
Табельдерге қол қою үшін жеке кабинетке кіру
Жеке кабинетте қатысу табелін бақылап, келісіп отыру
Егер қазіргі балабақшаның сапасына қанағаттанбасаңыз, басқа балабақшаға орналасуға болады
Қалаған балабақшадан бос орындарды күту парағына жазылу
INDIGO-ДАҒЫ ЖЕКЕКАБИНЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?
Балалардың сабаққа қатысу табельдерін бақылау және оларға ай сайын қол қою үшін INDIGO-дағы жеке кабинетке кіріңіз
ҚАТЫСУ ТАБЕЛІН ҚАЛАЙТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Ата-ана ай сайын әр айдың 1-10 күн аралығында өз баласының табелін тексеруге міндетті. Мұны уақытылы жасау маңызды, өйткені ата-ана расталған ақпараттың дұрыстығына азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тексергеннен соң ата-ана табельді келіседі немесе келіспейді. Келіспеген жағдайда себебін толық көрсету қажет. Назар аударыңыз: егер табель екі ай ішінде тексерілмесе, ваучердің күші жойылады да бала балабақшадан шығарылады
БАЛАБАҚШАНЫ ҚАЛАЙ АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ?
• Балабақшадан оқудан шығуыңыз керек;
• Ваучер қайтадан белсендіріледі;
• Бос орындары бар басқа балабақшаны таңдаңыз;
• Процесс ваучерді бірінші алу кезінде балабақшаға қабылдау процесіне ұқсас
• Егер балабақшада орын болмаса, күту парағына жазылыңыз
«Құжаттарды қалай жинаймыз және балабақшамен қалай шарт жасаймыз» бөлімін қарау
Бөлімді ашу
КҮТУ ПАРАҒЫНА ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛАМЫЗ?
• Күту парағына жазылуға өтініш беріңіз;
• Орындар пайда болған кезде ED24 қосымшасына шақыру жіберіледі;
• Шақыруды растағаннан кейін жаңа балабақшамен шарт жасау және ол аяқталғаннан кейін ағымдағы орнынан автоматты түрде шығару процесі басталады;
• Бұрын өткен процеске ұқсас таңдалған балабақшаға қабылдану процесі басталады (орналасу үшін жаңа медициналық құжаттарды жинау қажет);










