04.11.2025
Бала үшін балабақша – жаңа, бейтаныс әлем. Бұл анасынан ажырау, жаңа ережелер, жаңа ересектер және көптеген бейтаныс балалар. Таңқаларлық емес, мектепке дейінгі мекемеге бейімделу бала үшін де, ата-ана үшін де қиын болуы мүмкін. Көз жасы, ашу-ыза, тамақтанудан немесе ұйықтаудан бас тарту – мұның бәрі стресске қалыпты реакциялар. Ең бастысы, бұл кезеңнің уақытша екенін және бірге біз оны жеңе алатынымызды есте ұстау керек. Кеңес беру пункті жұмысы аясында ата-аналарға "Баланың балабақшаға бейімделуі" атты кіші топ тәрбиешісі Жаксалыкова М.М. өз кеңесін ұсынады.










