04.11.2025
25 қазан - Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай «Тілге бойлау» жобасын іске асыру мақсатымен «Менің Қазақтаным, саған ән айтмын!» атты тақырыппен мектепалды топтарында ойын –сауық өткізілді. Мақсаты: Балалар бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Балалар мереке барысында Қазақстан республикасы Гимнін орындаумен бастап, Отан туралы мемлекеттік тілде тақпақтар,ән шашулар мен ұлттық билермен жалғастырды.










