Балабақшада басты назар ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеу ережелерін сақтап, ас мәзірін қадағалау жұмыстары бас медбикеге жүктеледі және ол балалардың дұрыс тамақтануын қадағалап отырады.
Дұрыс тамақтану - баланың өсуі мен жан - жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.











