Бірінші кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: 09.04.20ж.
Тәрбиеші:Бегежанова Ж.Г
«Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі.
«Сурет салу».
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі-жәндіктер».
Тақырыбы: «Шөптегі қаңқыз».
1. Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
- Дамытушылық: балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді жалғастыру; шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау. Саусақтар арқылы қол моторикасын дамыту.
- Оқыту: қағазға қылқаламмен дақ түсіре білуді үйрету, бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.
- Ресустармен қамтамасыз ету: Суреттер,гуашь.
- Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
- Балалар, бүгінгі далада ауа-райы керемет болып тұр екен, қаласаңдар саяхатқа шықсақ болады. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық.
Қарсы емессіңдер ме?
Балалар қызығушылықпен келіседі.
Өлең жолдарын айтып саяхатқа шығады.
Табиғатқа тамаша
Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер ана,
Сәлем саған, нұрлы күн,
Аман-есен болайық, Саяхатқа барайық!
- Негізгі бөлім: -Міне, балалар, неше түрлі әдемі гүлдер, шөптер өсіп тұр. Тыңдаңдаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты.
Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар, бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық.
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
Мен - қанқыз деген қоңызбын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Балалар, менің сендерге айтар бір өтінішім бар. Мен үйіме өзімнің табиғат аясында серуендеп жүрген суретімді іліп қойғым келеді. Сендер маған көмектесіп, табиғаттың суретін салып бересіңдер ме?
Тәрбиеші балаларға қанқызбен танысқандарыңа қуанышты
екенін айтып, енді топқа барып, оның өтінішін орындауды
ұсынады.
Тәрбиеші қолындағы қанқыздың шөп арасында жүргені бейнеленген үлгі суретті көрсетіп әңгімелейді.
- Қанқыздың табиғат аясында, шөптердің арасында серуендеп жүргенін бейнелеу үшін үлгіге қарай отырып, осы суретті аяқтап салуымыз керек. Біз шөптердің суретін жасыл бояуды пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз.
Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ төменгі жағынан бастап, жоғары- төмен сыза отырып жасыл шөптің суретін салу тәсілін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Күн болып жанайық,
Мөлдір су боп ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең демалып,
Жүгіріп-жүгіріп алайық.
- Ал енді жұмысқа кірісейік. Балалар жұмысты үлгі бойынша орындап шығады.
Тәрбиеші сурет салу кезінде қиналған балаларға көмектеседі, бағыт-бағдар береді
3.Қорытыңды:
-Балалар,біз қайда бардық?
-Ненің суретін салдық?
http://kst-sad40.edu.kz/kz/zhanaly-tar/148-sh-ptegi-a-yz.html#sigFreeId6bd8f0109a










