Музыкалық бет

25 қазан-Қазақстан Республикасы күні! «Балапан» мектепалды тобының тәрбиеленушілері барлық Қостанайлықтарды, балабақша қызметкерлерін және ата-аналарды осы тамаша мерекемен құттықтайды. Мемлекетіміз одан әрі өркендеп, бейбітшілік пен келісім орнауын тілейміз!!

Тіл-халықтың қазынасы, қуанышы, мұңы, естелігі деп айтуға болады.
№40 «Алтын кілт» балабақшасында Тілдер күніне арналған мерекелік-шара өткізілді. Мерекеге балалар, педагогтар мен ата-аналар қатысты. Дайындық пен өткізуге белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен Хайруллина Әсемгүл, Сайфуллина Светлана марапатталды. Мерекеге қатысушылар бір-біріне бейбітшілік уақытында бақытты өмір сүруді тіледі. Біздің елімізде әрқашан ашық аспан мен мейірімді күн жарқырай берсін!

Серуендеу-бұл маңызды режимдік сәттердің бірі, оның барысында балалар өздерінің моторлық қажеттіліктерін толық жүзеге асыра алады. Серуендеу барысында сауықтыру міндеттері шешіледі, қозғалыс дағдылары жетілдіріледі, қозғалыс белсенділігі артады. Кішкентай балалардың дамуы үшін дұрыс күн тәртібі өте маңызды және бұл жерде серуендеу үлкен рөл атқарады.

Бейімделу кезеңіндегі серуен

Жұмыста басшылыққа алатын менің негізгі идеям – балалардың музыкалық моторикасын және дағдыларды жетілдіру арқылы музыкалық мәдениетке баулу. Қазіргі уақытта музыкалық қозғалыс теориясы мен практикасына ерекше қызығушылық байқалады. Яғни, бұл кездейсоқтық емес: музыка мен қозғалыстың өзара әрекеттесуі арқылы балаларды музыкалық әсерлермен байытудың үлкен мүмкіндіктері, музыкалық қабілеттер мен шығармашылықты дамыту мүмкіндіктері бар.
Музыка жетекшісі: Чучалина Т. П.

Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы.

Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте — бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны,
мерекелік ертеңгіліктер т.б.
Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:
— Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;
— Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;
— Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;
— Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау;
— Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту.
Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс — әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.
Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.
Ән баламен ойын — сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс — әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.
Музыкалық оқу іс — әрекеттерінде музыкалық — дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл — күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата — аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне — өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды.
Музыкалық — ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.
Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын — сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.
Қазіргі оқу — тәрбие жұмысын жан — жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс — салтына, әдет — ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби — музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді.
Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады.
Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Ересектер тобының хоры

«Балабақшам — Бегім Ана» балабақша әнұраны
Сөзі: Еспенбетова Зағира
Әні: Еспенбетова Ақзира

1. Балалықтың базары —
Бақшамызда саялы
Өсіп келе жатырмыз
Алақанда аялы.

Қайырмасы:

Әлдилеткен әнімен,
Өнер — білім нәрімен.
Балабақшам қымбатсың
Достастырған бәрімен.

2. Адалдықты ту еткен,
Бал жүзінен күн өпкен.
Балдырғанбыз бақытты
Бақшамызға гүл еккен.

3. Болашаққа барамыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Бәсекеде әлемдік
Қазақ атын жазамыз.