Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Біздің мамандығымыз — адалдық аумағы Мектепке дейінгі білім беру педагогы болу — жай ғана жұмыс емес, бұл үлкен миссия. Күн сайын біз жүздеген бүлдіршін үшін білім мен құндылықтар әлеміне есік ашамыз. Балалар біздің іс-әрекетімізді қайталап, қоршаған орта мен адамдарға деген көзқарасымызды бойына сіңіреді. Дәл соңдықтан педагогтің кәсіби адалдығы мен әдебі — болашақтың негізін қалайтын басты іргетас.