Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласының әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай- бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

 

Ата- аңаларға кеңес:

«БАЛАБАҚШАНЫҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ:07.00 – 19.00»

 «БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАНЫҢ КИІМІ»

 

Тәрбиеші:Терентьева О.С.

 

2020-2021 жыл

 

Ата-аналарға кеңес

Балабақшаның жұмыс уақыты: 07.00 – 19.00

  1. Баланы топтың күн тәртібіне сәйкес алып келіп, алып кету керек – баланың тамақтану, ұйықтау және оқу үрдістеріне құқығын бұзбаңыз.
  2. Таңғы қабылдау - бұл баланы тәрбиешіге тікелей тапсыру және оның хал-жағдайы туралы қысқаша мәлімет беру. Тәрбиеші 08.00-ге дейін топтағы бала санын табельге белгілейді.
  3. Топ өмірін ұйымдастыру жөніндегі ақпарат стендіге ілінген.
  4. Әрбір топ жылдық оқу-тәрбие жұмысының жоспары негізінде бала жасына және мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жасайды.
  5. Өз балаңызды жақсы көріңіз және басқа балаларды сыйлаңыз – баланың денсаулығы болмай тұрса балабақшаға алып келмеңіз (тәрбиеші баланы қабылдамауға құқығы бар).
  6. Егер балабақшада бала денсаулығының нашарлағанын сезсе, онда балабақша медбикесі алғашқы көмек көрсетеді, ата-анасын шақырады, өте қажет болған жағдайда «жедел жәрдем» шақырады.
  7. Бала науқастанып келмеген жағдайда немесе демалыста болған жағдайда дәрігерден анықтама алып келуі тиіс (таңертеңгі қабылдау кезінде топ тәрбиешісіне тапсыру керек).
  8. Бала бір күнге қалатын болса алдын ала немесе таңертеңгілік (08.00-ге дейін) хабарласып ескерту керек.
  9. Күнделікті серуенге 2 рет шығарылады: «қолайлы киінсеңіз жаман ауа райы жоқ» (қолайсыз ауа райы немесе басқа да жағдайларда серуендеу кейінге қалдарылады).
  10. Ақыны ай сайын 10-ы күнге дейін төлеп отыру керек. Мерзімді сақтаңыздар.

 

Ата-аналарға кеңес

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЛАНЫҢ КИІМІ

 

1.Бала балабақшаға таза киіммен келеді.

2.Топта баланың ауыстыратын аяқ киімі болу керек (еденде із қалдыратын қара табанды аяқ киімдер кигізбеуге тырысу қажет)

3.Балабақшада баланың киімдерін сақтайтын арнайы орын бар, оны ата-анасы ретке келтіріп отырады.

4.Балабақшада әрбір балада өзінің жеке тарағы және таза қол орамалы болуы тиіс.

5.Дене шынықтыруға қатысу үшін баланың арнайы дене шынықтыру киімі болуы керек, ол топ тәрбиешісі және басқа ата-аналармен келісіледі. Даладағы дене шынықтыру сабағы үшін бөлек арнайы киімдер болуы керек.

6.Далада серуенге шығу үшін баланың белсенді қозғалысына кедергі болмайтын киімдер болуы керек және ол тез кептіруге болатын, кір көтеретін болғаны жөн.

7.Балалардың киіміне ата-ананың қалауы бойынша жоғалып кетпеуі үшін немесе басқа балалардың киімімен ауысып кетпеуі үшін белгілер қоюға болады.

8.Киім мен аяқ киім ауа райына сәйкес болуы тиіс.

9.Қыста және ылғалды ауа райында баланың қосымша құрғақ қолғабы мен киімдері болғаны дұрыс.

10.Баланың киім салғышында міндетті түрде ауыстыру үшін қосымша құрғақ киімдер жинағы болуы тиіс.