04.11.2025
Баланы әртүрлі жағдайларда жазатайым оқиғалардан қорғау үшін оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету керек. Осы мақсатта балабақшада жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелеріне арналған апта өтті. "Аққу" тобында "Жол қозғалысы ережелерін біл және сақта" атты әңгіме өткізілді. Балалар дидактикалық ойындарды қуана ойнады: "Жолдардағы белгілер", "Жол лотосы", "Жол қозғалысы ережелерінің викторинасы". Балалар өз білімдерін өнімді іс - әрекетте - "Қауіпсіз жол" аппликациясында бекітті. Біздің тәрбиеленушілерімізде қауіпсіздік ережелерін білудің іргетасы және әртүрлі төтенше жағдайларға сәйкес олардың мінез-құлқын реттеу қабілеті қалыптасқанына сенімдіміз.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/balalar-a-zhol-erezhesin-jretejik.html#sigFreeId1f80554048
03.11.2025
"Қонжық" тобында "Көліктегі жүріс-тұрыс ережелері" тақырыбында әңгіме өтті. Балалар ойын түрінде саяхат кезінде өзін қалай ұстау керектігін, мұқият және сыпайы жолаушылар болу және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы білді.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/balalar-a-zhol-erezhesin-jretejik.html#sigFreeId198092a305
03.11.2025
Баланы әртүрлі жағдайларда жазатайым оқиғалардан қорғау үшін оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету керек. Осы мақсатта балабақшада жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелеріне арналған апта өтті. "Аққу" тобында "Жол қозғалысы ережелерін біл және сақта" атты әңгіме өткізілді. Балалар дидактикалық ойындарды қуана ойнады: "Жолдардағы белгілер", "Жол лотосы", "Жол қозғалысы ережелерінің викторинасы". Балалар өз білімдерін өнімді іс - әрекетте - "Қауіпсіз жол" аппликациясында бекітті. Біздің тәрбиеленушілерімізде қауіпсіздік ережелерін білудің іргетасы және әртүрлі төтенше жағдайларға сәйкес олардың мінез-құлқын реттеу қабілеті қалыптасқанына сенімдіміз.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/balalar-a-zhol-erezhesin-jretejik.html#sigFreeId713c4f93d8
Балалар жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық ойындарға қатысты. Ойын түрінде олар көшедегі жол белгілері мен қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін нығайтты.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/balalar-a-zhol-erezhesin-jretejik.html#sigFreeId3046fbf4c5
Балабақшада жол қозғалысы ережелерін үйрету - бұл өмірлік қажеттілік. Балалар жолда жүрудің маңызды ережелерін үйренуі керек. Жол қозғалысы ережелеріне қатысты әртүрлі іс - шаралар әрқашан өзекті, мысалы, ойын "Бағдаршам еліне саяхат" Міндет - балалардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін, бағдаршам сигналының мәндері туралы түсініктерін бекіту.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/balalar-a-zhol-erezhesin-jretejik.html#sigFreeId79a90fed7e
Балаларға жол ережесін үйретейік!
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің жүріс-тұрысының жақсы жағын да, жаман жағын да қабылдайды. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы. Бағдаршам белгілерімен, жолда жүру ережелерімен, жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен) таныстыруды жүзеге асыру көзделген. Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік.
Ересек «Б» тобының тәрбиешісі: Суйеубаева Г.А.













