Қостанай облысы әкімдігі білім бөлімінің басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №40 бөбекжайы»
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ата-аналарға кеңес
Ерте жас топ балаларының балабақшаға бейімделуі
(Консультациялық пункт)
Тәрбиеші :Абишева Н.С
2021-2022 оқу жылы
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Бейімделу − бұл ағзаның жаңа жағдайға бейімделуі, ал бала үшін балабақша жаңа, әлі де беймәлім кеңістік, жаңа орта мен жаңа қарым-қатынас болып табылады. Бейімделу кезеңінің өзектілігі – ерте жастағы балалар үшін маңызды сынақ: ол өзіне жақсы таныс отбасылық жағдайдан жаңа жағдайға тап болады, бұл баланың мінез-құлқының өзгеруіне, ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына әкеледі. Ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделу тақырыбы өзекті болып табылады, өйткені 1-2 жастағы балалардың балабақша жағдайына бейімделу мәселесінің зор маңызы бар. Күн тәртібін сақтау, жаңа талаптар, құрдастастарымен әрдайым байланыста болу, мүлде басқа жағдай, қарымқатынас түрі – ол үшін күйзелісті жағдайдың қайнар көзі. Ш.А.Амонашвилидің, Г.Ф.Кумариннің, А.В.Мудриктің, Н.Д.Ватутинаның психология-педагогикалық еңбектерінде ерте жастағы балалардың балабақшаға психологиялық бейімделу ерекшеліктері, баланың психологиялық саулығының ықпалы және мектепке дейінгі жаста психикалық дамудың негізгі заңдылықтары қарастырылады. Баланың балабақша жағдайына бейімделуі қалай өтсе, оның дене және психикалық саулығы соған байланысты болады. Бейімделу кезеңі жеңіл өту үшін отбасына кәсіби педагогикалық көмек қажет. Тәрбиешінің міндеті – бала мектепке дейінгі ұйым жағдайына бейімделудің барлық кезеңдерінен ауыртпалықсыз өтуі үшін барынша жағдай жасау.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: ата-аналар мен педагогтерге ерте жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымның жағдайына бейімделуіне көмек көрсету.
Міндеттері: - мектепке дейінгі ұйымға ерте жастағы балалардың бейімделуі үшін психология-педагогикалық жағдай жасау; - баланың жағымды эмоциялық көңіл-күйін, әлеуметтенуін қамтамасыз ету; - педагогке және құрдастарына тілектестік қарым-қатынас қалыптастыру; - ерте жастағы балалардың балабақшаға бейімделу кезеңінде күйзелісті еңсеруіне көмектесу; - балалардың бейімделу процесіне ата-аналардың белсенділік танытуын қалыптастыру. Әдістемелік ұсынымдардың мазмұнында ерте жастағы балалардың балабақшаға бейімделуі бойынша педагогтердің қызметі және бейімделудің деңгейлері мен кезеңдері қарастырылады.
БАЛАБАҚША ЖАҒДАЙЫНА ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ
Балабақша жағдайына ерте жастағы балалардың бейімделуінің үш деңгейі бар: жеңіл (1-16 күн), орташа (16-32 күн), ауыр (32-64 күн). Жеңіл бейімделу 1-2 апта ішінде өтеді. Баланың көңіл-күйінің тұрақсыз болуы 14 күндей байқалады. Бала айналадағыларға: тәрбиеші мен балаларға қызығушылық таныта бастайды, ұйқының бөлінуі, тәбеттің болмауы байқалады. Бала сырқаттанбайды, екінші аптаның соңында ол балабақшаға келгенде ата-аналарынан қиындықсыз қалады, эмоциялық күйі тұрақтанады.
Орташа бейімделу кезінде балаларда айдың соңында қалпына келетін ұйқының бөлінуі мен тәбеттің болмауы айтарлықтай дәрежеде байқалады. Бала әдетте енжар, қыңыр, ызақор болады, жиі жылайды, ойыншықтар қызықтырмайды, белсенді сөздікті қолданбайды. Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысында бұзылыстар жиі орын алады – бұл терінің бозаруынан, тершеңдіктен, көздің астында дақтың пайда болуынан, дәреттің өзгеруінен көрінеді. Бала ауыр түрде өтетін жұқпалы ауруларға жиі шалдығады. Мектепке дейінгі ұйымға бейімделудің ауыр деңгейі балалардың денсаулығына неғұрлым қауіпті. Әдетте балабақшаға ауыр деңгейде бейімделген бала созылмалы және ауыр сырқаттарға шалдыққыш келеді. Баланың иммундық жүйесі инфекцияға қарсы тұра алмайды, сондықтын олар инфекцияны тез қабылдап алады. Бала тамақтанудан бас тартады, оны күштеп тамақтандырса, ішкен тамағын құсып тастауы мүмкін. Ұйқысы бұзылады, бала жиі оянады, ұйықтап жатып жылайды, ұзақ уақыт ұйықтай алмайды. Қоршаған орта оған әсер етпейді, сүйікті ойыншықтарымен ойнаудан бас тартады, басқа балалармен қарым-қатынас жасамайды, ересектермен қарым-қатынаста белсенділік танытпайды. Бала жеке-типологиялық ерекшеліктеріне (темпераментіне) байланысты сабырлы, баяу немесе ұшқалақ, ызақор болуы мүмкін. Мұндай жағдай бірнеше ай бойы байқалуы мүмкін. Балабақшаға бейімделу процесі ұзаққа созылып кетпеуі үшін, келесі жағдайлар жасалуы қажет:
1.Топта эмоциялық қолайлы жағдай орнату. Баланың балабақшаға барамын деген ықыласын қалыптастыру маңызды. Бұл тәрбиешінің шеберлігіне және жігеріне байланысты. Егер бала алғашқы күннен бастап осы мейірімділікті сезінсе, ол тынышсыздануы мен қорқынышын жеңеді, бейімделу неғұрлым жеңіл өтеді. Бала балабақшаға көтеріңкі көңіл-күймен келу үшін топта өзін үйде сезінетіндей жағдай болуы тиіс. Бейімделудің ауыр кезеңінде ересектер балалардың сұраныстарын барынша қанағаттандырып, олармен эмоциялық қарым-қатынаста болуы тиіс. Баламен жылы сөйлескенде, ересек адам қолына алып көтергенде, ол қамқорлықты сезінеді, бұл баланың тез бейімделуіне септігін тигізеді.
- Балада сенімділік сезімін қалыптастыру. Бейімделу кезеңі міндеттерінің бірі – балаға жаңа жағдайға жылдам және жеңіл үйренуге, өзін сенімді сезінуге көмектесу. Айналасына сенімділік сезімін қалыптастыру үшін: балаларды бір-бірімен таныстыру, жақындастыру; -тәрбиешілермен таныстыру, тәрбиешілер мен балалардың арасында ашық, сенімді қарым-қатынас орнату; - топпен таныстыру (ойын, жатын және т.б. бөлмелер); - балабақшамен таныстыру (музыка залы, медкабинет және т.б.); - педагогтармен және балабақша қызметкерлерімен таныстыру.
3.Бейімделу кезеңінде ойын әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Ойын әрекеті міндетті түрде ойындар мен жаттығуларды қамтитын «бала - ересек» және «бала-бала» эмоциялық байланысты қалыптастыруға бағытталады. Осы кезеңде ойындардың негізгі міндеті – балалардың тәрбиешіге деген сенімділігін, эмоциялық байланысты қалыптастыру. Бала тәрбиешіден мейірімді, әрдайым көмек беруге дайын адамды (анасы сияқты) және ойындағы қызықты серіктесін көре білуі қажет. Эмоциялық қарым-қатынас әр балаға қамқорлық таныту, жылы сөз айту, күлімсіреу арқылы қолдау көрсететін бірлескен әрекеттер негізінде қалыптасады. Барлық балаға бірдей көңіл бөлу үшін, алғаш рет ойын ойнағанда жаппай барлық балалар қатысуы тиіс. Ересек әрдайым ойынды бастаушы болады. Ойындар балалардың мүмкіндігі, өткізілу орны ескеріліп таңдалады.
- Ата-аналармен жұмыс. Ата-аналармен өзара қарым-қатынасты бала балабақшаға барғанға дейін бастаған жөн. Табысты бейімделудің қажетті шарты – баланың отбасында және балабақшада жеке ерекшеліктеріне тәсілдерді таңдауда ата-аналар мен тәрбиешілер әрекеттерінің сәйкестілігі. Баланың балабақшаға баруы (жиі 1,5 – 2 жастағы балалар) отбасын қатты алаңдатады, сондықтан ата-аналар балабақша мамандарынан кәсіби психология-педагогикалық қолдауды қажет етеді. Ерте жастағы баланың балабақшаға бейімделу кезеңінде педагогтер мен атааналардың өзара әрекеттестік процесін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бейімделу алдындағы кезең бала балабақшаға барғанға дейін 1-2 ай бұрын басталуы тиіс. Ерте жастағы балалар жаңа топ жинақталған сәттен бастап балабақшаға баратындықтан, осы кезең маусым-шілде айларынан басталуы тиіс. Бұл кезеңнің шараларын іске асыру үшін ата-аналар алдын-ала мектепке дейінгі ұйымға баруы қажет. Бейімделу алдындағы кезеңде балалар мен ата-аналарды балабақшаға дайындау келесі шараларды жүргізу арқылы іске асырылады: - ата-аналарды тәрбиешімен және балабақшадағы топпен таныстыру (мамырда тәрбиеші немесе әдіскер жүргізеді); - баланың әлеуметтік даму деңгейін және эмоциялық жағдайын, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын зерделеу (1-Қосымша ата-аналармен сауалнама жүргізу); - ата-аналардың психология-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында оларға ақпараттық материалдар тарату; 6 - жаз мезгілінде баланың балабақшаға дайындығы бойынша ата-аналарға жеке ұсынымдар әзірлеу (2 Қосымша жаднамалар, кеңестер, ұсынымдар); - ата-аналармен баланың балабақшаға баруға дайындығын талқылау (мамыр-маусым айларында бейімделу алдындағы кезеңде бір-екі рет психолог немесе тәрбиеші жүзеге асырады).
- Бейімделу кезеңі бала мектепке дейінгі ұйымға барғанда басталады. Екінші кезең маусым-шілде айларында басталады және желтоқсан айына дейін жалғасуы мүмкін. Баланың бейімделу кезеңінен жеңіл өтуіне жәрдемдесу үшін келесі шаралар жүргізіледі: - баланы бақылау және жеке бейімделу парағын толтыру (3 Қосымша); - бейімделу кезінде топтың психологиялық жағдайының даму картасын толтыру (психолог пен тәрбиеші бірлесіп толтырады); - тыныс алу жаттығуын, релаксацияны, сезім арқылы эмоционалдық күйзелістен шығу ойындарын, өзін-өзі реттеуді дамытуға арналған ойындарды, қимылды ойындарды, сурет салуды (тәрбиеші жүргізеді, ҰОҚ жоспарын құрастыруда топтың дамуының психологиялық жағдайының картасы есепке алынады, психолог қатысады) қамтитын дамыту-емдеу сабақтарының кешенін орындау; - күнделікті топтың ақпарат бұрышында,психолог папкасында, атааналарға арналған газетте, әлеуметтік желілерде және басқа тәсілдермен (тәрбиеші психологпен бірлескен түрде) ата-аналарды баланың бейімделуден өтуін хабардар ету; - ата-аналарға демалыс күндері бейімделуді жеңілдету үшін үй тапсырмасын әзірлеу (психолог ата-аналарды су, құм, жарма және қарақұмықпен ойындарды ойнауға, эмоционалдық күйзелістен шығару мақсатында тыныс алу жаттығуларын үйретуді жүзеге асырады). Ерте жастағы балалармен түзету жұмыстарының ең тиімді әдісі жеке және топпен өткізілетін ойын терапиясы болып табылады.
- Бейімделуден кейінгі кезең. Осы кезеңде баланың көңіл-күйі тұрақтанып, сабырлық таныта бастайды, ұйқысы және тәбеті қалпына келеді. Бұл кезеңде бейімделу процесінен өту нәтижесі туралы қорытынды жасауға болады. Үшінші кезең кейбір балаларда жыл аяғына дейін созылады. Бейімделуден кейінгі кезеңнің негізгі міндеті балардың бейімделу кезінде алған дағдыларын нығайту және бейімделудің бұзылуын болдырмау. Үшінші кезеңде келесі шаралар жүзеге асырылады: - бейімделу кезеңінің басында балалардың жеке бақылау парақтары бойынша нәтижелерін салыстыру және балалардың мектепке дейінгі ұйымға бейімделу деңгейін бағалау (тәрбиеші 8 өлшем бойынша іске асырады: жалпы эмоционалдық жағдайы, таным және ойын әрекеті, ересектермен қарымқатынасы, құрдастарымен қарым-қатынасы, ұйқысы, тәбеті, үйреншікті жағдайдың өзгеруін сезінуі, науқастануы); - кері байланыс ақпаратын алу мақсатында ата-аналармен сауалнама жүргізу; - ата-аналармен ай сайын жиналыстар өткізу (психолог бейімделу 7 нәтижелерін қорытындылай отырып немесе ата-аналар үшін келесі міндеттерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады). Үшінші кезеңнен кейін балалардың бейімделу нәтижелері шығарылады, келесі жылы бейімделуді жүргізу бағдарламасы құрылады. 8 ҚОРЫТЫНДЫ Отбасы – баланың жеке қасиеттерінің негізін қалайтын әлеуметтік қауымдастық. Бала белгілі бір тұрақты жағдайда біртіндеп қоршаған ортаның ықпалына бейімделеді: бөлменің температурасына, айналасындағы адамдарға, тағам түрлеріне және т.б. Баланың балабақшаға баруы оның өмірлік жағдайларын түгелдей өзгертеді. Балабақша педагогтері мен ата-аналар бірлесе отырып, балаларды эмоционалды жайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Бейімделу кезеңінде педагог, оның отбасымен жұмысы маңызды рөл атқарады. Бейімделу кезінде баланың мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды фактор – педагогтің балаларды жақсы көруі, әр балаға көңіл бөлуі және мейірімділік танытуы сияқты тұлғалық қасиеттері болып табылады. Педагог балалардың даму деңгейіне бақылау және талдау жасай білуі, оны ісәрекеттерді ұйымдастыруда есепке алуы және балалардың балабақша жағдайына бейімделуі кезеңінде олардың мінез-құлқын бақылауға қабілетті болуы тиіс. Бейімделу кезеңі – балалар және ата-аналар үшін ауыр кезең. Сондықтан педаготың ата-аналармен бірлескен жұмысы өте маңызды. Балада әртүрлі іс-әрекеттерге оң көзқарас тудыру, жас ерекшеліктеріне сай түрлі дағдыларын дамыту, ересектермен және балалармен қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастыру арқылы баланың жаңа жағдайларға бейімделу кезеңінде тәрбиелеу-білім беру міндеттерін шешу және бейімделу кезеңінің жедел және жеңіл өтуі қамтамасыз етіледі.