Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Жаңа жыл балалар үшін-ерекше де керемет ертегі,қайталанбас ғажайып! Жаңа жыл – ең қызықты, қуанышты, ерекше мереке. Неге десеңіздер? Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды. Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Осы ертегіге байланысты №40 бөбекжай-балабақшасында «Көгершін» тобынан  Бошановтар отбасы жаңа жыл мерекесіне байланысты «Мысық,түлкі,әтеш» атты ертегісін жасап әкелген болатын.Ертегі кейіпкерлері қысқы орманда ғажайып өмір сүріп жүргенде, қу түлкінің  айлакерлігін мысық жүзеге асыруға жол бермеді.Сөйтіп, дос әтешін құтқарып қалды.Балалар бұл ертегіні өте жақсы көреді.Бұл ертегі арқылы балаларды  жақсы мен жаманды айыруға, әдептілікке,шыңшылдыққа, ұжымшылдыққа және бір-біріне деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу болып табылады.Бошановтар отбасы балабақшадағы барлық іс-шараларға белсенді қатысады.Сонымен қатар балабақшадағы топ ауласына «Автобус»  көлігін қолдан жасап берді.Осы аталған отбасына алғысымыз шексіз.Өз істеріне тиянақты,жауапкершілікпен қарайды.

 

 

№40 бөбекжай-балабақшасы, Қостанай қаласы

Тәрбиешілер: Керибаева Мөлдір Төлегенқызы

Данибекова Калкаман Габдрасұлқызы