Мектепалды даярлық «Б» тобындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 24.02.2020ж
Тәрбиеші: Данибекова К.Г
Білім беру саласы: Денсаулық,Коммуникация,Әлеуметтік орта
Пән: Қауіпсіздік-мінез-құлық негіздері,көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,экология негіздері
Тақырыбы: «Ақшақарға көмектесу»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: өз ағзасын күтуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: салауатты өмір салтын ұстауға, денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану,ауырудың алдын –алу мен күтуге деген құлшыныстарын арттыру.
3.Оқыту: пайдалы азық-түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту.Әртүрлі көкөністер мен жемістердің адамның ағзасына тигізер пайдасын білгізу. Схема арқылы сөйлем құрастыру.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау,Зайцев,АҚТ,жеке тұлғаға бағытталған технологиялар.
Ресурстармен қамтамасыз ету: интерактивті тақта, мультимедиялық сергіту сәттері,игровизор,геовизор,қарындаш,маркер.карточкалар,схема,жемістер.
Көптілділік: Жеміс-фрукты-fruit,көкөністер-овощи-vegetables.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1 . Ұйымдастырушылық кезең:
Балалар экранға назар аударайық.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Балалар жаңа жыл мерекесі жақындап қалды.Менің ақшақар немеремнің іші қатты ауырып қалды.
Мен ақшақар немеремді қалай емдеу керек екенін білмей жатырмын.Жаңа жыл мерекесіне келе алмайтын шығармыз.
-Балалар қалай ойлайсыңдар ақшақардың іші неге ауырып жатыр?(жемістерді жумай жеді,тамақ жер алдында қолын жуған жоқ,кола ішті)
-Балалар ақшақарға қалай көмектесеміз?(жеміс пен көкөніс жеу керек)
Жаңа жыл мерекесі аяз ата мен ақшақарсыз қызықсыз болады және сендерге ешкім сыйлық әкелмейді.
-Балалар ақшақарға көмектесеміз бе?(Иә, көмектесеміз)
Ақшақарға көмектесу үшін бізге тапсырмалар орындауымыз керек.
- Негізгі бөлімі:
-Балалар біз ақшақарға қандай тағамдардың зияны бар екенін үйретейік.
Д/о: «Зиянды тағамды қорша» (игровизор)
Шарты: Балалар ақшақарға қандай тағамдар өміріне зиянды, яғни адамның ағзасына пайдалы емес тағамдарды қорша.(зиянды тағамдарды маркермен қоршайды)
-Жарайсыңдар, балалар! Енді біз адамның ағзасына зиянды тағамдарды білеміз.
.-Балалар біз енді ақшақарға жеміс пен көкөністе қандай пайдалы дәрумендер бар екенін үйретейік.
Д/о: «Жеміс пен көкөністе қандай дәрумендер бар?» (интерактивті тақта арқылы)
Шарты: Бұл ойыннын барысында әртүрлі тағамдардың ішінде қандай дәрумен бар екенін табу және айту.(тақтада қаламның көмегімен жемістер мен, көкөністерді дәрумендердің астына қояды және пайдасын айтады)
-Жарайсыңдар, балалар! Енді біз қай тағамда қандай дәрумен бар екенін білеміз.
Сергіту сәті: (балалар шеңберге тұрып,сергіту сәтін қимылмен жасайды)
Ақшақарға пайдалы жеміс пен көкөністі салып берейік.Есіңде қалсын.
3-тапсырма: «Бұл не?»
Шарты: Геовизормен нүкте арқылы бір затты шығару.
-Самия тәтті бұрыштың пішіні қандай? (тәтті бұрышың пішіні үшбұрыш)
-Тәтті бұрышта қандай дәрумен бар?(тәтті бұрышта Е дәрумені бар)
-Анеля қиярдан не жасайды?(қиярдың пішіні сопақша)
-Қиярда қандай дәрумен бар?(қиярда В дәрумені бар)
-Апельсиннің пішіні қандай?(апельсиннің пішіні дөңгелек)
-Апельсинде қандай дәрумен бар?(апельсинде С дәрумені бар)
Көптілділік: Жеміс-фрукты-fruit,көкөністер-овощи-vegetables.(бірнеше рет қайталау)
4-тапсырма: «Схема бойынша сөйлем құрастыр»
Шарты:балалар столдың үстінде жатқан суреттерді алады.Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Мыс: Алмұрт ағашта өседі.Балалар алма жинап жатыр.
Ақшақарға көкөністер туралы көрінісімізді сахналап берейік.
Көрініс: «Көкөністер дауы» (балалар берілген рөл бойынша көріністі сахналайды)
Ақшақарға жемістердің дәмін айтып берейік.
Д/о: «Дәмін татып біл»
Шарты: Көзді жұмып дәмін татып не екенін атау керек.
-Анеля сен не жедін?(мен сәбіз жедім)
-Сәбіздің дәмі қандай?(сәбіздің дәмі дәмді)
-Сәбізде қандай дәрумен бар?(сәбізде А дәрумені бар)
-Дияр сен не жедін?(мен қияр жедім)
-Қиярдың дәмі қандай?(қиярдың дәмі тұшщы)
-Айару сен не жедін?(мен банан жедім)
-Бананның дәмі қандай?(бананның дәмі тәтті)
Аяз ата: -Балалар сендерге көп рахмет!Енді мен ақшақарым дәрумендері бар пайдалы тағамдармен тамақтанады.Жаңа жылға дейін күш жинайды.Сосын сендерге жаңа жыл мерекесіне келеміз.
Жаңа жылда кездескенше.
3.Қорытынды:.
-Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?(біз Ақшақарға көмектестік)
-Қандай зиянды тағамдар бар?(бургер,кола,чипсы,кириешки)
-Қандай тағамдармен тамақтануымыз керек?(нан,ірімшік,сүт,айран,)
Балалаларды мадақтау.(Мадақтағанға қуанады)
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №40 бөбекжай-балабақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Ақшақарға көмектесу»
Тәрбиеші: Данибекова К.Г.
2020 оқу жылы