ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫН ДАМЫТУ
Ермексазды пайдаланып баланы
ның, сөйлеу ,ойлау қабілетін дамыту .
Ермексаз баланы жалпы дамытатын әр түрлі қызықты ойындар өткізуге мүмкіндік береді. Балалар ермексазды қолмен жібітеді, саусақпен бөліп алады, домалатады, ширатады, ермексазды қалауынша қалыпқа келтіреді және кез-келген уақытта ермексазды бүлдіріп алам деп қорықпастан жұмысына өзгеріс енгізеді, ол өз ісіне деген сенімділік тудырады.
Қазіргі дамыған технологиялар арқасында, ермексаздың жетілдірілген түрі хендгам шықты. Ермексаздан айырмашылығы, қолға, үстелге жағылмайды, пішінді сақтамайды. Ұсақ саусақ моторикасының дамытады, агрессияны басады, шығармашылық қабілетін, тілін дамытады, қолдың бұлшықеттерін бекітеді. Қолдың саусақтары мен білезігінің ұсақ моторикасының дамыту жетілдіру орталық жүйке жүйесін барлық психологиялық процестерін , сөйлеуді дамытудың басты ынталандыруы болып табылады . Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар орналасқандықтан баламен ермексаздан әр түрлі жаттығулар жасадым. Баланың ұсақ моторикасының дамыту жаттығулары жұмыстың нәтижесіне оң әсер еткенің байқадым.