Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Дәстүрден тыс сурет салу

Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші, мүсінші болғымыз келгені анық.Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм, топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем шығармашыл адамдар ғана жол таңдайды. Қазіргі заманғы балабақшадағы мүмкіншіліктер шектелген оқу-тәрбие жүйесінде балалардың көркемдік тәрбиесі қалыс қалу мүмкін емес. Балалар бақшасындағы бейнелеу өнерінің түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың еі эмоционалды, қызықты әрекет түрі. Әр түрлі көркем жабдықтарды бейнелеу техникасын қолдану балалардың мүмкіндігіндіктерін кеңейтіп, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.Қолдарына берілген түсті қарындаштар, фломастерлер мен акварель бояуларымен шимайлап суреттеген бала шаттық сезімде болады.