Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №40 бөбекжайы» КМҚК
Ашық ұйымдастырылған
қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Мұражайға саяхат»
Ортаңғы «Балдырған» тобы
Тәрбиеші:
Таурбаева Ж.Б.
2022-2023 оқу жылы
Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Таурбаева Ж.Б.
Пән: Қоршаған ортамен таныстыру,математика негіздері, жапсыру.
Тақырыбы: «Мұражайға саяхат»
Мақсаты: Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту.Балалардың мұражай туралы білімін кеңейту. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен, ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен, ұлттық киімдерімен таныстыру. Жапсыруда табиғи материалдарды қолдану және қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу. Кеңістікті бағыттарын анықтау: үстінде-астында, оң-сол. Өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Педагогигаклық технологиялар: АҚТ; Денсаулық сақтау; танымдық- зерттеушілік.
Ресурстармен қамтамасыз ету: ноутбуктер, ұлттық киім киген қуыршақтар, ұлттық музыкалық аспабтар, аспабтар дыбысы, киіз үй фетрден, тұрмыстық заттар суреттері т.б.
Алдын –ала жұмыс: Балаларды қазақтың ұлттық киімдерімен, ыдыс-аяқтарымен, муз.аспабтарымен таныстыру және түсініктерін кеңейту. Қаламыздың мұражайлары, мұражай және олардың экспонаттары туралы әңгімелеу. Мұражайда өздерін ұстау ережелерін сақтауға және мұражай экспонаттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті,олармен амандасайық.
-Балалар бүгін сендерді көптеген қызықтар күтіп тұр. Өйткені бүгін біз сендермен біздің балабақшамыздың шағын мұражайына келдік.
-Сендер мұражай туралы білесіңдерме? Мұражай дегеніміз не?
(Мұражай-бұл ежелгі заттар жиналатын және сақталатын орын, бөлме: ыдыс-аяқ, киім, суреттер, оларға қамқорлық жасайды, адамдарға көрсетеді.) (Мұражайлар біздің Отанымызды мекендейтін халықтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрлері туралы көбірек білу үшін қажет.)
-Мұражайға заттар қайдан келеді? (археологтар табады, адамдыр сыйлайды)
- Балалар, мұражайда мұражай экспонаттарымен кім таныстырады? (экскурсоводшы)
Ал сендер мұражайда өздеріңді қалай ұстау керектігін білесіндерме?
1. Экспонаттарды қолмен ұстауға болмайды.
- Қатты сөйлеуге, шу шығаруға, жүгіруге болмайды.
- 3. Экскурсоводшыны мұқият тыңдау керек және оның сөзін бөлмеу керек.
-Балалар қараңдаршы мында не көріп тұрсыңдар? (қуыршақтар)
Қуыршақ не киген? (Ұлттық киімдер)
Балалар біздің Қазақстанда көпұлттар тұрады. Әр ұлттың өз ұлттық киімдері бар екен.
-Мын ақуыршақ қандай ұлттын киімін киген? (Грузин)
Балалар сендер өз ұлттарын туралы айтып беріңдерші.
Ерасыл сенің ұлтың қандай? (мен қазақпын)
Маргарита сенің ұлтың қандай? (менің ұлтым орыс)
Әр бала өз ұлтын атайды.
Компютерде ойын: «Қуыршақтарды ұлттық киімдермен киіндір»
Балалар қуыршақтардың киімдерін табады және атап ер адамдар және қыз балалардың ұлттық киімдерін атайды.
Көзге арналған жаттығу.
-Ал мында не көріп тұрсыңдар?
Музыка әрқашан көшпелі халықтың өмірімен бірге жүрді. Қазақ халқы өте өнертапқыш, ол өзінің музыкалық аспаптарын кез келген материалдан – қамыстан, ағаштан, теріден жасаған.
"Қай аспабтың дыбысы" ойыны
(дыбысты тыңдай отырып, балалар қай музыкалық аспабтың ойнап жатқандығын анықтап айтады)
Сергіту сәті:
Дөңгеленіп тұрайық
Шеңберді біз құрайық
(шеңбер болып тұрады)
Кереге болып керіліп
(қолдарын бір – бірінің қолымен ұстасады )
Уықтар боп иіліп
(қолдармен биік көтереді)
Шаңыраққа киеліп
(қолдарын биік ұстап, саусақ ұштарын иеді)
Қазақ үйін құрайық.
(Барлығы қайтадан қолдарын ұстасады)
-Айтыңдаршы ертеде ата-бабаларымыз қайда тұрған? (киіз үйде)
Балалар ал енді мен сендерді мұражайымыздағы киіз үйге шақырамын.
–Қараңдаршы киіз үйде не бар?
-Сандық, бесік, үстел оларды бір сөзбен не деп атаймыз? (Тұрмыстық заттар)
-Үстелдің үстінде не бар? (ұлттық ыдыс аяқтар)
-ата бабамыз ыдыстарды неден жасаған? (ағаштан)
Тұрмыстық заттарды, ыдыстарды немен әшекейлеген?(ою-өрнекпен)
-Ыдыстардың атауын атап беріңдерші? (тостаған, торсық,астау )
Ендеше балалр ойын ойнайық.
Ойын: «Киіз үйге тұрмыстық заттарды орналастыр»
Балалар киіз үйге тұрмыстық заттарды орналастырып, не қай жерде орналасқандығын айтады.
Балалар көрдіңдерме ата бабаларымыз бізге мұра қылып тастаған заттары көп. Сендер бүгін қазақтың ұлттық киімдері, музыкалық аспабтары, тұрмыстық заттары туралы білдіңдер және көрдіңдер.
Бізде осы мұражайға арнап бәріміз бірігіп әдемі кілем жасап берейік. Келісесіңдерме?
Ұжымдық жұмыс. «Кілем»
Балалар тоқыма жіптен, түрлі-түсті жүнен, моншақтардан кілем жасайды.
Қорытынды:
-Балалар біз қайда болдық?
-Не істедік?
Балаларды мадақтау.
http://kst-sad40.edu.kz/ru/poleznye-stati/474-i-m-razhaj-a-sayakhat.html#sigFreeId837f127859