Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Жыл сайын 5 қыркүйекте біздің еліміз бұл күнді «Қазақстан халқының Тілдері» күні ретінде атап өтеді. Осыған орай, бүгін біз «Әрбір тіл – бүкіл әлем!» тақырыбымен Тіл мерекесіне арналған іс – шара өткіздік. Осындай іс-шаралардың көмегімен біз балалардың бойында мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықтын оятамыз, көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелейміз, Республикамызды мекендейтін халықтардың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастырамыз. Қазақстан аумағында 100-ден астам ұлттар тұрады: қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, өзбектер, немістер, татарлар… Әр халықтың өз тілі, әдет-ғұрпы, өзіндік мәдениеті бар. Барлығы бір үлкен отбасы сияқты тату –тәтті тұрады.