Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Тәрбиеші: Саутбаева.Г.А

Өткізілген мерзімі: 15.01.2020ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Қар не үшін қажет?»

Тақырыбы: «5 цифры аралығында танысу».

Мақсаты:

Тәрбиелік: Белсенділікке және байқампаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сол және оң жақты ажырата білуін дамыту.

Оқыту: 5 дейін санау аралығында, санауды үйрету, санау негізінде екі тобтағы заттрадың  теңдігі мен теңсіздігі туралы түсінік қалыптастыру.Цифрдың заттың санымен сәйкестендіруге үйрету. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау (сол жақта, оң жақта) Жыл мезгілдері туралы білімін бекіту (қыс). Пішіндерді бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар:  екі жолақты карточкалар, шарша, ұлпа қарлар суреттері, әр балаға шана мен 5 қуыршақ суреттері т.б.

Көптілділік/полиязычный компонент: бес-пять-файф,белый-ақ-white, голубой-көк-blue, шырша-елка-Christmas , аққала-снеговик-snowman, снег-қар-snow.

 

 

1.Ұйымдастырушылық кезең

-Балалар айтыңдаршы далада не жатыр? (қар жатыр)

-Қазір қандай мезгіл? (Қыс мезгілі)

-Қыс мезгілінде неше ай бар? Қандай?

-Қыста балалар не істегенді жақсы көреді? (аққала жасайды, конькимен, шанамен сырғанайды)

 

  1. Негізгі бөлім.

-Балалар біздің қуыршақтарда шанамен сырғанағысы келеді, бірақ барлығына шана жететінің білмейді.

Қане ендеше балалар қуыршақтарға шананы санауға көмекесемізбе?

-Ендеше шаналарды санап оларды жолақшаға қойайық.

-Қанша шана болды?

-Қанша қуыршақ екенін қайдан білеміз? (қуыршақтарды санайды. 4 қуыршақ)

-Шаналар барлық қуыршақтарға жететінін білу үшін, не істеу керек?

(Бір бала қуыршақтарды шанаға отырғызады)

-Қуыршақтар мен шаналар тең болдыма?

-Не көп  5 шана ма әлде 4 қуыршақпа? (5 шана көп 4 қуыршақтан)

-Салыстырыңдар 4 қуыршақпа 5 шанама?

-Не аз? (4 қуыршақ аз, 5 шана көп)

-Шаналар мен қуыршақтар тең болу үшін не істе қажет?

Бір затты қосу, немесе бір затты алу тәсілі арқылы теңестіру жолдарын туралы әңгімелеу.

Бір бала бір шананы алады, бір бала бір қуыршақты қосады.

-Енді қанша шана мен қуыршақ болды?

-Барлық қуыршақтар  енді шанамен сырғанай аладыма? (иә, тең болды)

 

 

Балалар біз сендермен әңгімелесіп жатқанда, кар жауып тастапты. Мынадай әдемі ұлпақарлар пайда болыпты.

-Қанша ұлпа қарлар? (5)

-Олар бірдейме?  (жоқ)

            (2 ақ түсті ұлпа қарлар, 3 көк түсті)

Балалар бұл әдемі ұлпақарларды мына шыршаға ілейік.

-Шыршаның түсі қандай? Пішін қандай? (жасыл шырша, үшбұрыш)

-Шыршаның оң жағына көк түсті ұлпақарларды, ал сол жағына ақ түсті ұлпақарларды ілейік.

-Шыршамыз одан әдемі болсын деп мына жұлдызды ортасына шыршаның үстіне ілейік.

Балалар бір-бірден шығып тәрбиешінің айтуы бойынша, ұлпақарларды шыршаға іледі. 

-Оң жақта қанша ұлпа қар? Сол жақта қаншы ұлпақар?

 

Балалар кішкене аққаламен дем алып билеп алайық.

Сергіту сәті: Аққаламен би.

 

Балалар аққала санауды білмейді екен. Аққалаға көмектесейік.

 

Д/ойын: «Санды заттармен сәйкестендір»

 

Балалар аққаланың достары жоқ екен. Оның іші пыспасын деп оған сиқырлы пішіндерден кішкентай достар аққалалар жасап берейік.

 

Воскобович фонарикиден  аққала құрастырады.

 

Балалар аққала сендерге алғыс айтып жатыр.

 

3.Қорытынды:

-Баллаар біз бүгін не істедік?

-қандай тапсырмалар орындадық?

Балаларды мадақтау.