Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 40 бөбекжай-бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

 

«Ғажайып математика»

(Ересек «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі)

 

 

 

Тәрбиеші: Байгабылова Ж.С.

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

 Ересек  «В»  тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі      

Күні:  15.01.2020 ж.

Тәрбиеші: Байгабылова  Ж.С.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: «ҚМҰҚ»

Өтпелі тақырып: «Қар не үшін қажет?»

Тақырыбы. «Ғажайып математика»
Мақсаты:

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс - әрекет дағдыларын меңгерту,   геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға,кеңістікті бағдарлау, қарым - қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру.

Оқыту: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Д/о «5 санын тап?» .
Педагогиялық технологиялар: Денсаулық сақтау, ойындар, жеке тұспалдау технологиялар

Ресурстармен қамтамасыз ету: геометриялық пішіндер,сандар,алмұрт муляжы,тышқан,жолдорба,карточкалар.
                             Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыста ауа-райы қандай болады?

2.Негізгі бөлім.

Ғажайып сәт:

Есік қағылады,топқа Пи-пи  арқаға асатын жолдорбасын қолына  ұстап кіреді.

 –Салем балалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Пи-пи! Ал мынау қолындағы не? Бізге сыйлық әкелдің бе?

Пи-пи: Жоқ, бұл ма (мұнаяды). Мен тек кәмпит жегенді, ойнағанды  ұнатамын.Сабақ оқығым келмейді.Маған жаңа жылға осы жолдорбаны сыйлыққа берді,жолдорбаны  ашайын десем құпия санын ұмытып қалдым.

Тәрбиеші: Ендеше балалар жолдорбаны ашуға көмектесеміз бе?

Тәрбиеші: Жолдорбаның қалтасында тапсырмалар бар екен,осы тапсырмаларды орындау керек сандарды тауып алайық.

1 - тапсырма. «Шатысқан сандарды тап?»

Шарты:Шатысқан сандарды тауып,ретімен қой,тура және кері сана

2-тапсырма «Машаға қанша поезд керек?»

Шарты:Қуыршақ Машаны поезд отырғызып,жетпеген қуыршаққа қосу немесе бір қуыршақты алып тастау(тең тең еместігін айта білу)

3-тапсырма Д/о «5 санын тап?» дидактикалық ойыны,
Шарты:музыка ырғағымен билеп жүріп музыка тоқтағанда жердегі жатқан қағаздарды кімде қандай сан екенін айта білу,ұлкен санды көрсету.Сан көлеміне байланысты алмұртты санай білу.

4-тапсырма «Пішіндерді орналастыр»

Шарты:өз кеңістігіне пішіндерді қой

Пи-пи: Жарайды балалар! Сендер тапсырманы да жақсы орындадыңдар, рахмет сендерге. Сендер менің құпия санымды тауып бердіңдер, қанекей жолдорбамның ішінде не бар екен, ашып көрейік.Маған көмектескендерін үшін сендер де ауыз тиіңдер.

3.Қорытынды:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Оған қандай көмек керек болды?

-Қандай тапсырмалар орындадық?