Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Қостанай қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің

Қостанай қаласы әкімдігінің №40 бөбекжай-бақшасы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

 

«Деніміз сау болып өсеміз»

                                                         

«Танымдық жоба»

      Орындаған: Бегежанова Ж.Г. 

   Ташетова Ж.Е

 

 

 

 

 

Жобаның түрі— Танымдық.

Жобаға қатысушылар- Бірінші кіші «Б» топ балалары, топ тәрбиешілері.

Жұмыс түрлері:ойын әдісі,сабақ,

танымдық,нәтижелілік.

Жобаның іске асырылу кезеңі— қысқа мерзімді.

Мерзімі:07.10.2019ж.- 11.10.2019ж.

 

 

Жобаның мақсаты:

Тәрбиелігі: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру,Тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Балаларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету.

Оқыту: Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.

Жобаның жүзеге асырылу кезеңі:

Апта күндері

                         Жұмыс мазмұны

 Дүйсенбі

 

Саусақ ойыны: «Басбармақтай балақай»      

 

Мақсаты: Балалардың саусақ икемділігін  жетілдіру, қызығушылық сезімдерін  арттыру.

 

 

 

Сейсенбі

Д/о:«Жемістермен көкөністерді ата»                                                  

 

Мақсаты: жемістер мен көкөністердің атауларын айтып тану.

 

 

 

Сәрсенбі

Д/о: «Қуыршақ Сәуле сырқаттанып қалды»

 

Мақсаты: Жөтел және түшкіру кезінде аузыңды жауып,орамал қолдана білуді үйрету.

 

 

Бейсенбі

Д/о:«Жемістерді орналастыр»                                                            

 

Мақсаты: Жемістердің көлеңкесі арқылы жемістерді орналастыру.

 

Жұма

Д/о: «Пайдалы және зиянды тамақ»

Мақсаты: Денсаулыққы зиянын тигізетін қандай тағам жақсы екендігі туралы айту.    

Бірінші кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің  конспектісі. Өткізу күні: 07.10.19ж. Тәрбиеші: Бегежанова Ж.Г  «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Жаратылыстану. Өтпелі тақырып: «Дені саудың-тәні сау!».  Тақырыбы: «Дәрігер». 1. Тәрбиелік: Ойын барысында қарапайым сөйлем құрап, оны түсініп, қайталай білуге үйрету.

Дәрігердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Балаларға дәрігер мамандығының не үшін кажет екендігін түсіндіру. 3.Оқыту: Көрсету,түсіндіру. Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы. Ресустармен қамтамасыз ету: баланы қарап жатқан дәрігердің суреті, дәрігерге қажетті құралдар, дәрігер киімін киген қуыршақ, үлестірмелі материалдар.  Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:  1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Ал,балалар күлейік,  Күлкіменен түлейік. Қабақ шытқан не керек, Көңілді боп жүрейік.  –Жарайсыңдар балалар! Бүгін сендер өте мейірімді,жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай.  2. Негізгі бөлім: 1.Әңгіме жүргізу.  -  Ауырғанда дәрі беретін, емдейтін апайлар мен ағайларды дәрігерлер деп атайды. Дәрігер мамандыққа жатады. Мамандықтар әртүрлі болып келеді. Жүргізуші көлік жүргізеді. Мұғалім бала оқытады. Мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді болу керек.  Қуыршақ Айшаның тамағы ауырып қалыпты. Мына корапты ашып көрейін  ішінде не бар екен? Көрейік.

2.Ғажайып сәт. - Балалар қораптың ішінде дәрігерге қажетті кұралдар бар екен. Бұл құрал не үшін қажет? Ауырған Айшаның өкпесін, тыңдаймыз, ал бұл құралмен қызуын өлшейміз. Бұл дәріні кімге береміз? Ауырған қуыршаққа береміз. Енді оны жылы жауып қояйық, ұйықтасын.  - Балалар, кейде дәрігерді үйге шақырамыз, сонда олар қандай машинамен келеді екен? - Дұрыс, «Жедел жәрдем» машинасымен. Сендер оны көшеден көріп жүрсіңдер. Балалар, тыңдаңдаршы, ненің дауысы естіледі? - Дұрыс айтасыңдар. Ал қандай машинаның дауысы екен?  - Дұрыс, «Жедел жәрдем» машинасының дауысы екен.

  1. Сергіту сәті. Кәне, «Ү-п» деп айтайық, Демді ішке тартайык, Енді «У-һ» деп айтайық, Демді шығара қайтарып. 4. Суретпен жұмыс. - Ауырып қалған жағдайда кімге бару қажет? - Суретте баланы дәрігер апай емдеп жатыр. -   Дәрігер не істейді?  -   Емдеу үшін не істейді? - Иә, балалар, біздің де балабақшамызда дәрігер апайымыз бар.  Д/ойын: «Басбармақтай балақай» Мақсаты: Балалардың саусақ икемділігін жетілдіру,қызығушылық сезімдерін арттыру. 3.Қорытыңды: Сұрақ-жауап арқылы не көргенімізді пысықтау.  Балаларды мақтап-мадақтау.  

 

Бірінші кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу-қызметінің конспектісі. Өткізу күні: 08.10.19  Тәрбиеші: Байбусынова С.Ж  «Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу-қызметі. Көркем әдебиет Өтпелі тақырып: «Дені саудың-тәні сау». Тақырыбы: «Жемістер жыры» Рза Қунақова. 1.Тәрбиелік. ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету.  2.Дамытушылық: коммуникативтік дағдыларын дамыту. 3.Оқыту: Ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы. Ресустармен қамтамасыз ету: Сергіту сәті. Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:  1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбері:  -Балалар, бүгінгі күнді тамаша әнмен бастағым келіп тұ. Олай болса, бәріміз шеңбер бойымен айналып тұрамыз.

«Күз – жомарт» әнін орындайық:

Тоңазып атырап, көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ, саудырап түседі.

«Күз – жомарт»,- дейміз біз, жемісін жейміз біз.  

2.Негізгі бөлім: Кіріспе әңгіме.

- Балалар, біздің осы орындаған өлең шумағында не туралы, не жайлы айтылған? – Күздің бізге берер қандай сыйы бар?

-Қандай жемістерді білесіңдер?

-Ал енді, балалар, мына өлең шумағын тыңдайық.

Алма:

Нарттай қызыл алма бар, мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем, тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін, кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде, «Менен аулақ жүр» деймін.

Уылжыған өрікпін, мен бау-баққа көрікпін.

Қара өрік:

Қара өрік деген атым бар, менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге кейде менің хақым бар.

Алыңдар баққа ектіріп, сақтаңдар кептіріп,

Шаймен ішкен сусындар. «Па, шіркін-ай!» - деп тұрып.

Оқылған өлең шумақтарын сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу, талқылау.  Д/о: Жемістер мен көкөністерді ата» Мақсаты: Жемістер мен көкөністердің атауларын айтып тану.

 3.Қорытыңды:  -Балалар,өлең не туралы айтылған?

 -Қандай ойын ойнадық?  

 

Бірінші кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Өткізу күні: 09.10.2019 Тәрбиеші: Бегежанова Ж Г. Таным білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі. Құрастыру. Өтпелі тақырып: «Дені саудың-тәні сау» Тақырыбы: «Тар және кең жолдар»  1.Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.  2.Дамытушылық: Балаларды тар және кең ұғымдарымен таныстыру, құрылыс материалдарымен жұмыс жасай білуге, олардың түсін, пішінін, көлемін ажырата алуға және тәрбиешінің ұсынған шарты бойынша құрылыс материалдарын қеңістікте дұрыс орналастыра білуге дағдаландыру. Құрылыс материалдарының (текше, кірпіш) негізгі пішінін, олардың түсін, ажырата алуға дағдыландыру.  3.Оқыту: Балаларды құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды, құрылыс материалдарды кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету.  Педагогикалық технологиялар: денсаулық сақтау және ынталандыру.  Ресурстармен қамтамасыз ету: Құрастыру материалдары 1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:  Тәрбиеші балаларды бірінің артынан бірін тұрғызып, «Пойыз» ойынын ойнатады. Балалардың белсенді қимыл-қозғалыс жасауына назар аударады.

 2.Негізгібөлім: Орындарына отырған соң, тәрбиеші балалардың назарын өзінің алдында тұрған құрылыс материалдарына аударады. Олардың түстерін, көлемін, пішінін сұрайды. Жіңішке және жалпақ қағаздарды көрсетіп, түстерін сұрап, бұл – «Жол болады» дейді. Ол үшін міне, мына ойыншық құлыншақ ол жолмен қалай жүреді екен, сендер қарап көріңдер деп, өзінің алдындағы жіңішке жолақ қағаздың үстімен жүргізіп көрсетеді. Бір баланы шақырып, екінші жолақ қағазға құлыншақты жүргізіп көрсетуін сұрайды.

Енді бұл жолды құрылыс материалдарымен жасап көрейік деп, кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қою арқылы тар жол жасап көрсетеді. (Жіңішке жолақтың үстіне қояды). Үлкен ойыншықты кең жолмен, кіші ойыншықты тар жолмен жүргізуге болатындығын, балаларға өздері ойлануға бағыт береді. Енді екінші кең жол жасау үшін жалпақ кірпіштерді пайдаланамыз. Ол үшін бірнеше кірпіштерді бірінен кейін бірін тізіп қоямыз. (5 кірпішті).

«Тар және кең жолдар» ойыны

Балаларға өздері тар және кең жолдар құрастыру үшін құрылыс материалдары, құлыншақ ойыншықтарын тәрбиеші таратып береді. Тәрбиеші әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп, өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді. Түсі, пішіні, көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді. Жақсы жасаған балалардың құрлыстарын мадақтайды. Д/ойын: «Қуыршақ Сәуле сырқаттанып қалды» Мақсаты: Жөтел және түшкіру кезінде аузыңды жауып,орамал қолдана білуді үйрету. 3.Қорытынды:  -Біз не құрастырдық?

 

Бірінші кіші «Б» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.  Өткізу күні: 10.10.19ж. Тәрбиеші:Байбусынова С.Ж  «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі.  «Сурет салу». Өтпелі тақырып: «Дені саудың-тәні сау». Тақырыбы: «Дәмді алмалар».  1. Тәрбиелік: Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу. 2. Дамытушылық: Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 3. Оқыту: Айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдауға тәрбиелеу. Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы.  Ресустармен қамтамасыз ету: Суреттер,гуашь. күз мезгілінің суреті, ыдыстағы алманың суреті.  Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы: 1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңберін құру.

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық,

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық,

Күннен шуақ алайық.

Алақанға салайық.

  1. Негізгі бөлім: Тақтаға «Күз» мезгілінің суреті ілінеді. Күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту үшін әңгіме жүргізіледі. Балалар, мынга суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Алма туралы сұрақтар береді. Балалар алманың суретін бояйды.  «Домалақ», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады. «Әртүрлі», «алуан түрлі» сөздерін қайталатады. Педагог алманың суретін бояу жолдарын түсіндіреді.

/Баяу ойнайтын әуен қоюға болады/.

Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, бояп шығамыз.

Бой сергіту жаттығуы:

Қолды үстерлге қоямыз,

Саусақтарды санаймыз.

1,2,3,4,5 – 1,2,3,4,5

Екі қолды қос,

Д/о: «Жемістерді орналастыр»

Мақсаты: Жемістердің көленкесі арқылы жемістерді орналастыру.

Қорытыңды:  -Балалар, біз не жасадық?

Бірінші кіші «Б»тобындағы ұйымдастырылған оқу-қызметінің конспектісі. Өткізу күні: 11.10.19ж Тәрбиеші: Бегежанова Ж.Г «Шығармашылық» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу-қызметі. Мүсіндеу Өтпелі тақырып: «Дені саудың-тәні сау»  Тақырыбы: «Ағаштағы алмалар.». 1. Тәрбиелік: саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: : ермексазды алақан арасына салып айналдыра домалақтау арқылы мүсіндей білуге үйрету; тілдерін дамыту 3. Оқыту: Қызыл түспен таңыстыру. Педагогикалық техналогиялар: Ойын технологиясы.  Ресустармен қамтамасыз ету: қызыл түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар. Ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:  1.Ұйымдастырушылық кезеңі: Тәрбиеші балаларға алма ағашының суретіне мұқият қарап шығуды ұсынады. Алма туралы тақпақты оқып береді. Мен алмамын, алмамын, Таңдай қағар бар дәмім.

  1. Негізгі бөлім: -      Тақпақта не туралы айтылған?  -  Алма қайда өседі? -     Алманың түсі қандай болады?  - Алманың пішіні қандай? Сөздік жұмыс: дәмді алма. -    Балалар, үлестірмелі материалдағы алма ағашында алманың суреті салынбаған. Ал сендер алма ағашына өздерің жасаған алмаларыңды орналастыруларыңа болады. Тәрбиеші балаларға мүсіндеу орындау ретін еске түсіреді. Сергіту сәті. Саусақ жаттығуы  Бір қолымда бес саусақ, Бір қолымда бес саусақ, Бәрін қоссақ, - он саусақ. Тәрбиеші жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Д/ойын: «Пайдалы және зиянды тамақ» Мақсаты: денсаулыққа зиянын тигізетін қандай тағам жақсы екендігі туралы айту. 3.Қорытыңды: Оқу іс-әрекеттің соңында тәрбиеші балаларды мадақтайды.  Балалар мүсіндеген «алманы» тәрбиеші көрмеге қояды.