Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Әзілхан Нұршайықов

 

Еңбек тәрбиесі – мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге еңбек мәдениетін үйренуге бейімді олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы.

А.С. Макаренко балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек? Деген сұраққа мүмкіндігінше ертерек бастау керек деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы отбасы сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады.Бала кез-келген сәтте үйдегі адамдарға  алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет қимылдарына ерекше мән беру керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады.

Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бере бермейтін еңбек түрлері өте көп. Мысалы: 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек.  Баланың өз- өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын,бас киімін, көйлегін киетін кездеоны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған,еңбегін,  қылығын мақтап  отыру қажет. Мысалы ой жарайсың,бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.  Ұлы педагог А.С.Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орынында да сондай болады. Сондықтан ойын кезінде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек.Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды.Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл қозғалысы бәрі өз отбасында көрген білгендердің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Мысалы жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.

Балабақшадағы балалардың еңбегі.

Балалардың еңбекке деген дұрыс көз- қарасын қалыптастыру, өз-өздеріне қызмет етуге үйрету, бір-біріне кедергі жасамай еңбек етуге үйрету. Ойнап болған соң ойыншықтарын орын-орына жинауға тәрбиелеу. Балаларды балабақшадағы еңбек жұмыстарына араластыру, ойын бұрышындағы кезекшілікті атқаруға үйрету.Үлкендердің көмегімен жаз айларында даладағы  гүлдерді суару, ағаштарға су құю, түптерін қопсыту,сырырысу, қоқыстарды жинауға үйрету.Сабақ уақытында оқу құралдарын тарату, орындарына жинауға, тамақ ішер кезде, тарелка, қасықтарды қою, ішіп болғанда жинасу сияқты жұмыстарға  балабақшадан үйретеміз.Үлкендердің еңбегінің және еңбектің қажеттілігі жөнінде түсінік беріп отырамыз. Сонымен қатар балаларды алдына мақсат қоя білуге, оған жетуге үйрету жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.Балабақшадағы арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Балаларды жұмысты бастап оны аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Балабақшадағы еңбек жұмыстарына қатысу, ұжымдық еңбекке үйрету. Ертегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі – зейнет» екенін түсіндіру. Үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу.  Мысалы: «Бір уыс мақта», « Бұзау бақтым», Қайдан келдің бауырсақ?» деген әңгіме, ертегілер арқылы балаларға  барлық заттардың еңбекпен келетіндігін  түсіндіру.   Балаларды еңбек түрлерімен және кәсіптермен таныстыру. Ұжымдық еңбекті татулықпен ұйымдастырып атқаруға үйрету. Еңбектің әр түріне баланың қызығушылығын ояту, ұжымда еңбек етуді белсенділік ынта ықылысын көрсетуді қолдау. Өз қолымен жасаған еңбегіне қуаныш мақтаныш сезімін тудыру.Еңбекке қызығушылығын тәрбиелеп жағымды көзқарас тудыру. Еріншек, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздықтан жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру. Тәрбиеші көптеген еңбек дағдыларын үйрету, бекіту,дамыту үшін ойынды еңбекпен жалғастырады

Мысалы:  балалар қуыршақпен ойнауда бірқатар еңбек процесін орындайды, қуыршақты киіндіру  мен шешіндіру, қуыршақ бұрышын жинау,  оның киімдерін жуу, ыдыстарын жинау, жуу т.б жұмыстар үйренеді.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері:

1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарау  сезімін ояту.

 2) қарапайым еңбек дағдыларына баулу.

3) еңбекке қызығушылығын, дербестігіе тәрбиелеу.

4) көпшілік үшін еңбек ете білуге баулу,қоғамдық бағытта еңбектенуге үйрету.

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек.Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы шығармашылық көзқарасына байланысты.Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.