Сап-сары жапырақтар…
Сал-сары жапырақтар…
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында,
Сап-сары жапырақтар жоғалуда.
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
Естілмей құстың әні,
Естілмей құстың үні,
Жалғанның кетті сәні, ұшты гүлі.
Сырғасынан айрылған ақ қайыңның,
Басына бар ғаламның түсті мұңы.
Сап-сары жапырақтар,
Сап-сары жапырақтар,
Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Мұқағали Мақатаев
Біздің балабақшада бұл көңілді шараны жыл сайын қазан айының соңында өткізу дәстүрге айналды.Қазан айында біздің балабақшада ортанғы «Б» тобында «Күз мерекесі» балалар үшін ең жарқын мерекелердің бірі болып есептеледі. Бұл күні Күздің тамаша ауа-райы тамаша және балалардың көніл күйі ерекше әсем болды.Күз сұлулығы үлкенді-кішілі әр топқа қарап, ешкімді қараусыз қалдырмады, ал балалар оны құрметті қонақ ретінде қарсы алды - әндерімен, билерімен, ертегілерімен, ойындарымен, тамаша көніл-күймен
http://kst-sad40.edu.kz/kz/zhanaly-tar/204-k-z-merekesi.html#sigFreeId77c3a1db24
Балабақшадағы күзгі фестиваль - бұл ең сүйікті іс-шаралардың бірі, өйткені салтанатты ертеңгіліктер кезінде балалар көңіл көтеріп, айналасындағыларға қарап, өздерін көрсете алады. Күзді «күңгірт уақыт» деп атайтындығына қарамастан, балаларға бұл мереке ерекше ұнайды, зал күз мерекесіне орай әсем , айнала алтын түстес безендірілген , ағаштардың макеттері жасыл, сары, қызыл және қоңыр жапырақтармен ілулі.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/zhanaly-tar/204-k-z-merekesi.html#sigFreeId2e2230d0ab