Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

 

«Қысқы қолөнер –бірлескен жұмыс»

 

Қыс - Абай Құнанбаев

 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

 

Қыс мезгілі мерекелік  көніл күй сыйлап қана қоймай өзімен бірге көптеген бақыт сыйлайды.Балабақшалар мен мектептерде бұл жаңа жылдық қолөнердің уақыты. Қазан айында біз күз қолөнеріне қызығушылықпен қарадық, қыс мезгіліне  кезек келді.Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру үшін айналаның бәрін безендіруге тамаша мүмкіндік. Көбіне әдемі декорациялар мен жаңа жылдық әр түрлі қолөнер бұйымдары балаларды қуанту мақсатында жасалады. Қолөнер жасау онша қиын емес, тіпті балалар мен олардың ата-аналарына бұл тапсырмалар жылдам әрі қызықты.

 

Жаңа жылдық қолөнер бұйымдарын жасауға ата-аналар белсенді қатысты . Бұл қысқы қолөнер, мұнда ата-аналардың көпшілігі атсалысты. Біздің балалар мен ата-аналар өте өнерлі және белсенді. Алдымен бір-екі қолөнер болды, бірақ балалардың қызығушылығы күннен күнге артты.

 

 

Қолөнер керемет шықты!  Біз  қай жұмыс әдемі шығад сол жұмысты марапатағымыз келді, жеңімпаз табу өте қиын болды! Әр жұмыс үлкен шыдамдылықпен және сүйіспеншілікпен жасалды, сондықтан барлық ата-аналарды құрметтеп, оларға балабақша мен топтың өміріне белсенді қатысқандары үшін сертификаттар табыстау туралы шешім қабылданды, еңбегімізді «Ауылымыздың көшесі» деп атадық