Менің Отаным-Қазақстан Республикасы. Нық сеніммен, мақтанышпен айта аламын! «Отан»сөзі әр адамға ыстық. Отан-туып-өскен жеріміз. Біздің Қазақстан жері өзінің қайталанбас табиғатымен, ұлы мәдениетімен, бай тарихымен ерекшеленеді. Қазақ жері ұлаң ғайыр, кең. Бұл біздің ата-бабаларымыздың арқасы, ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан жерімізді қорғап, дәріптеп, келер ұрпаққа жеткізіп тұрды.Қар солтүстікте әлі де болса, ал оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлдейді.
Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне биыл 30 жыл толғалы отыр. Осыған орай балабақшада көрме ұйымдастырылған болатын. Ата-аналар балаларымен бірге үйлерінде еңбектеніп әр түрлі суреттер , подделкалар жасап келді. Бұл да бір тәуелсіздігіміздің ұлы рухтың жемісі.
Тарихта Қазақ деген ұғым пайда болғаннан басталған Тəуелсіздік үшін күрес 1991 жылы 16 желтоқсанда тоқтаған болатын. Бұл күн біздің елімізбен жерімізге қуаныш ,шаттық,жарқын болашақ сыйлаған күн болып біздің тарихымызда алтын əріптермен қашалып тұр.Осы күннен бастап біздің өз президентіміз, ұлтымыз бен ұлысымыз,салтымыз бен дəстүріміз, мəдениетіміз бар əлемге паш етіліп, мемлекеттер арасынан бөлініп шығып өз алдымыздан зайырлы - тəуелсіз мемлекет болып қалыптастық.Көк аспандағы желбіреген туымыз, төріміздегі елтаңба жəне оң қолымызды жүрегімізге қойып шырқайтын асқақ əнұранымыз бар.Елім деген , жерім деген елбасымыз бар. Тәуелсіздік-ащы термен қол жеткізген тəтті жеңіс. Төгілген қанның,өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.Көк аспанның астында көк туымыздың желбірегенін күнделікті көріп жүрген бізде арман жок.Бұл күнге жету оңай болмағаны шын-ақ.Талай қан төгіліп, қаншама жас қырғын кеткен.
Мен өзімді бақытты адам санаймын.Себебі мен бейбітшілік пен келісім ұғымы толықтай етек алған тəуелсіз Қазақстан республикасының азаматшасымын.Менің ұйқым тыныш,ішіп-жер тамағым бар,киімім бар ,үйім мен күйім бар жəне ат-анам мен ел жұртым аман. Бұдан асқан байлық бар дегенмен келіспес ем.
Ортаңғы «Б» тобы тәрбиешісі: Байбусынова С.Ж.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/zhanaly-tar/429-meni-otanym-aza-stan-respublikasy-ny-senimmen-ma-tanyshpen-ajta-alamyn-otan-s-zi-r-adam-a-ysty.html#sigFreeIdaacccdb6aa