Жаңа жылдық мереке ерте жас тобында
Мереке балалардың жас ерекшеліктері мен олардың мүмкіндіктері ескеріле отырып жоспарланды.
Әр мереке қонақтардың жасына, қызығушылығына лайық өтті. Алайда, 1-3 жас аралығындағы балалар ата-анасының көңіл күйіне тікелей тәуелді. Сол себепті, оларды кім алып келетінін де ойластырылды.
Қонақтар көп болмағаны жөн. Жаңа жылдық мерекені екі балаға арнап та өткізуге болады. Алайда, Жаңа жыл қарсаңында шақырған қонағыңыз ауырып қалып, ешкім келмей қалуы мүмкін. Дұрысы – 3-4 баланы қатар шақыру. Шақыртуды алдын ала жіберу керек.
Ешкімнің ұйқысы, тамақ ішкісі келмейтіндей уақыт таңдалды. Бұл туралы ата-аналарымен ақылдасып , мерекенің қаншада аяқталатынын хабарланды.
Үнемі музыка қосып қоюдың қажеті болмағандықтан, мерекеде музыка тек ойын барысында ғана пайдаланылған еді.
Жасы үлкен балаларға жаңа дүние ұсыну керек болса, жасы кішілер әдеттегі ойындарды ұнатады. Ертеңгілікті бір ғана тәрбиеші жүргізді, бірақ, жүргізушіде көмекшілері болды.
Мереке соңында балалар қатты шаршап, үйлеріне қайтуға келіспей қойған балаларға, үйге қайтып бара жатқаныңда сыйлық берілетіні жайында айтылды.
Мерекеге Аяз ата мен Ақшақар келгенде балалар ерекше көңіл күймен қарсы алды. Аяз ата мен ойнап, билеп көтеріңкі көңіл күйде болды. Аяз атаның берген сыйлықтарына ерекше ықыласпен қарады.
Мереке қойылған мақсат- міндетттерге сай өтті.
Келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!