Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

Дәстүр бойынша қазан айында біздің балабақшада күзгі ертеңгіліктер өтеді. Біздің екінші кіші «Ақбота» тобында да алтын күзге арналған ертеңгілік бірінші рет өтті. Далада күн бұлтты,салқын, күн шуағы жетпесе, біздің музыка залында жылы және қуанышты атмосфера орнады. Балаларға қонаққа саңырауқұлақ пен күз ханшайымы келді,өздерімен сыйлықтар әкелді. Балалар күзбен кездесуді асыға күткен болатын.

Күз ханшайымымен балалар көңілді ойындар ойнады, жұмбақтар шешті, күз туралы тақпақтар және өлеңдер айтты.

Ал ең қызықты, ұмытылмас эпизод балалар үшін, күз ханшайымының ғажайып сәті себеттегі алмұрттарды таратуы болды. Балабақшадағы мереке әрқашан балаларға күлкі, қуаныш әкеледі. Біздің мейрамда көңілді, қызықты болып өтті. Күз мерекесі біздің балабақшаның балалары үшін сондықтын ең жақсы көретін мерекелерінің бірі болып саналады. Тәрбиеленушілер көптеген көңілді эмоциялар алды.

.