Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің бос лауазымына байқау өткізу туралы хабарландыру.

 

Қостанай қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің

40 бөбекжай-бақшасы

  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тәрбиеші:Байбусынова С.Ж.

 

Мектеп жасына дейінгі  балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту.

 

Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Олар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Бірінші кіші тобында  суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған. Сондықтан, сұлулықты сезіну, жоғары эстетикалық талғам қалыптастыру, өнер туындысын, туған табиғаттың сұлулығын түсіну және бағалауды жетілдіру қажет.

  • Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру.
  • Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерімен таныстыру.

Балаларды сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдалана отырып, өзіндік қайталанбас бейне жасауға үйрету.

Дұрыс техникалық дағды бала бойында оқу қызметі сайын дамып, қалыптасып отырады. Балалар сурет салу тәсілдерін құрғақ түсіндіргеннен емес, өздері тәжірибе жасаудан үйренеді.

Суретте Бірінші кіші «Б» тобында Сурет салу оқу қызметі бойынша «От шашуды » 

жасап үйренді. Оқу қызметі барысында дәстүрден тыс әдіс «палитра - саусақтар» саусақпен сурет салу. Қол астында қылқалам жоқ па? Ештеңе етпейді. Бір саусағымызды көк бояуға батырамыз, келесісін сары бояуға, үшіншісін қызыл бояуға маламыз. Палитрадан несі кем!... Бұл барлық жастағы балаларға ұнайтын қарапайым да оңай әдіс. Олар үлкен ынтамен салады. Саусақпен сурет салу бірнеше кезеңнен тұрады. Балалар әуелі бір саусақпен, сосын бірнеше саусақпен сурет салып үйренеді.