Серуен - Мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын –алу , денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру. Серуеннің міндеті - Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру. Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру. Баланың қимыл-белсенділігін арттыру. Баланың танымдық көркемдік –эстетикалық әлеуметтік тұлғалық дамуына ықпал ету.
Серуен түрлері: 1. Балабақша аумағында 2.Баланың киіміне қойылатын талаптар. 3.Баланың киімі жыл мезгіліне байланысты сай болу керек. Серуеннің мазмұны: -бақылау; -балалардың еңбек қызметі; -қозғалушылық ойындар; -балалармен жеке жұмыс; -балалардың дербес қызметі.
Бақылау: Дүйсенбі - өлі табиғатты (жауын-шашындар,ауа райы,жел,бұлтты,алабұлтты) бақылау; Сейсенбі - тірі табиғатты (өсімдіктер дүниесінің; ағаштардың, бұталардың,шөптердің жай - күйі) бақылау; Сәрсенбі - тірі табиғат (жәндіктер,құстар) Бейсенбі-жылдың осы мезгіліндегі адамдардың еңбегі; Жұма - тірі және өлі табиғатты кешенді бақылау.
Балалардың еңбек қызметі: Серуен кезінде балалардың еңбек қызметінің мазмұны мен ұйымдастыру формалары ауа райы мен жыл мезгіліне байланысты болады. Күзде балалар гүлдерірдің тұқымдарын, бақша өнімдерін жинайды, қыста қар күреп,одан әр түрлі құрылыстар жасай алады. Еңбек тапсырмалары балалардың шамасы жететіндей және сонымен бірге олардан белгілі бір күш-жігер жұмсауды талап ететіндей болуы тиіс. Тәрбиеші олардың өз жұмыстарын жақсы орындауын,басталған істі соңына дейн жеткізуін қадағалайды.
Қозғалушылық ойындар: Қозғалушылық ойынды таңдауы жыл мезгіліне,ауа райына,ауа температурасына байланысты болады. Суық күндері серуендеуді жүгірумен. лақтырумен,секірулермен байланысты көп қозғалуды талап ететін ойындармен бастау мақсатқа лайық болмақ. Көңілді және тартымды ойындар балаларға суық ауа райына жақсырақ көндігуге көмектеседі. Ылғалды, жауынды ауа райынды (әсіресе көктем мен күзде) үлкен кеңістікті талап етпейтін, аз қозгалыс жасалатын ойындар ұйымдастырған жөн. Секірулермен, жүгірумен, лақтырумен, тепе-теңдікті сақтау жаттығулармен байланысты ойындарды көктем,жаздағы жылы күндерде және ерте күзде өткізу қажет. Серуендеулер кезінде заттармен ойналатын сюжетсіз халықтын ойындар:сақинаға лақтыру,кегли,асық кең пайдаланылуы мүмкін. Ыстық ауа райында сумен ойнайтын ойындар өткізіледі. Серуендеуде міндетті түрде қозғалушылық аз және көп болатын 2 ойын өткізіледі.
Балалармен жеке жұмыс: Серуендеулер кезінде тәрбиеші жеке жұмыс жүргізеді: доппен ойнауды,нысанға лақтыруды, тепе-теңдік жаттығуларың,түбіртектен секіріп өтуді,ағаштардан аттап өтуді, төбешіктерден жүгіріп түсуді ұйымдастырады. Жұмыс жүргізілетін баланың ұсынылған тапсырмалардың қажеттігін түсінуі және олардын ниеттене орындауы қажет.
Балалардың дербес қызметі: С еруендеу кезінде балалар табиғатпен етене жақындықта болады,олар маусым мен ауа райы жағдайларына бейімделеді, бұл балалар ойындарының мазмұнына әсер етеді. Қыста дене шынықтыру жаттығулары:шанамен, төбешіктен,мұз жолшықтармен сырғанау, құрылымдаушы ойындар басым болады. Құрылымдаушы ойындар үшін балалар қарды, алдын ала тәрбиешімен бірге дайындалған түрлі-түсті мұзшаларды кеңінен пайдалагады. Жазда балалар әр түрлі табиғи материалмен: тастармен, жаңғақтармен, жапырақтармен, кұммен, сумен рахаттана ойнайды.
http://kst-sad40.edu.kz/kz/zhanaly-tar/427-balaba-shada-seruendi-jymdastyru-zh-ne-ba-ylau.html#sigFreeId3c5d6f1e80